• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті

464 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша тағы 3 дерек тіркелді. Өкінішке қарай, індет жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов осы мәселеге байланысты бүгін арнайы брифинг өткізді.

Бірінші науқас – ағымдағы жылы 17 наурыз күні Қордай ауданына келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны. Ол 30 наурыз күні ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған қан талдауларының қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен. Ол бүгінде инфекциялық стационарға ауыстырылған. Ал, онымен жақын байланыста болған 9 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылған. Зертханалық зерттеу үшін талдаулар алынған. Сонымен қатар, екінші науқас бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған 24 жастағы азамат болып шықты. Бұл жағдай да Қордай ауданынан тіркелді. Онымен қарым-қатынаста болған 5 адам карантиндік стационарға оқшауланып, олардан зерттеуге материалдар алынған. Сондай-ақ, Марат Жұманқұлов санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша да дезинфекциялық өңдеулер жүргізгенін айтты.

Жамбыл облысында тіркелген тоғызыншы дерек – Бішкек-Алматы бағыты бойынша жүк тасымалдаған 59 жастағы Түркия азаматы болып шықты. Алгоритмге сәйкес, медициналық қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде азамат Қырғыз-Қазақстан шекарасынан енген уақытта карантиндік стационарға оқшауланған. Түркия азаматынан алынған қан талдаулары коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен. Онымен жақын байланыста болған 4 адам анықталып, карантинге орналастырылған. Бірақ, олардың қан талдаулары теріс нәтиже көрсеткен.

 

Жамбыл облысы