• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2020

Қызылорда: Бір аптаның баяны

549 рет
көрсетілді

Қызылордада вирус жұқтырған алғашқы тұрғын анықталғалы бері тура 1 апта өтті. Жеті күннің ішінде жасалған жұмыс жайлы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов онлайн режімде брифинг өткізді.

Бас дәрігер осы уақытқа дейін облыс аумағында 15 ошақ, 28 науқас тіркелгенін атап өтті. Талапқа сай ошақтарға дер кезінде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жасалып, басқа да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында карантин жарияланып, басқа аудандарда да бірқатар шектеулер енгізілді.

– Науқастармен қарым-қатынаста болған 715 адам анықталып,  олардың бәрі тексерілді. Сонымен қатар, өзге облыстан келген 5 мыңнан аса студент пен қауіптілігі жоғары елден келгендер де бақылауға алынды. Жаңадан 20 қорап сынама тест жеткізілді, – деді облыстың бас дәрігері.