Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, https://t.me/Help42500Bot сілтемесі арқылы өтіп, «Start» батырмасын басу қажет.Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;2. Өзінің ЖСН енгізу;3. Электронды пошта адресін енгізу;4. Телефон нөмірін енгізу;5. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);6. Өтінішті растау;7. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.Қызметкер үшін:1. «Қызметкер» батырмасын басу;2. Өзінің ЖСН енгізу;3. Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;4. Электронды пошта адресін енгізу;5. Телефон нөмірін енгізу;6. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);7. Өтінішті растау;8. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.
Қазақстан
•
06 Сәуір, 2020
42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды
2927 рет
көрсетілді