Нью-Йорк қаласындағы Бронкс хайуанаттар бағындағы жолбарыстан COVID-19 вирусы анықталды. Бұл туралы nationalgeographic.com сайты хабарлады.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйеніп дайындалған ақпаратта аталған хайуанаттар бағындағы жеті жолбарыстан коронавирус індетінің симптомдары байқалған. Соның біреуінен тест алынып, онысы оң нәтиже көрсеткен. Бұл – әлемде коронавирустың жолбарыстан ғана емес, жабайы жануарлардан табылған алғашқы жағдай.
Хайуанаттар бағының бас ветеринары Пол Калленың айтуынша, жабайы жануарға вирус адамнан жұққан. Надя есімді төрт жасар Малай жолбарысында наурыздың соңында құрғақ жөтел күшейген соң, 2 сәуірде вирустың бар-жоғы тексерілген. Бұл аңның бірге туған ұяласына қоса әлі тексерілмеген екі Сібір жолбарысын және үш африкалық арыстанды жөтел қысып, тәбеттері қашқан. Жалпы жеті жыртқыштың жағдайын бақылауда ұстап отырғанмен, вирустың жануарлар арасында қалай өршитіні белгісіз болып тұр.
Бронкс хайуанаттар бағы 16 наурыздан бастап келушілер үшін жабылған.
Қазіргі уақытта үй немесе жабайы жануарлардың адамдар арасында жаңа коронавирусты тарата алатынына дәлел жоқ. Дегенмен бұған дейін бірнеше үй жануарынан, соның ішінде Гонконгтан помор және неміс овчаркаларынан және Белгияда мысықтан SARS-CoV-2 коронавирусы анықталған. Бұл жаңа Covid-19 коронавирусына жетелейді.