Барлығы Шиелі ауданынан. Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.
Зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 06.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 19 жағдай. Сонымен қатар, 06.04.2020 жылғы мәлімет бойынша қолайсыз елдерден барлығы 124 адам мониторингтік бақылауда. Оның ішінде 1 "а" санатындағы елдерден келгендер саны-4, 1"б" санатындағы елдерден келгендер саны-120 адам.