• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Түркістан: Кәсіпкер кезекшіліктегі мамандарды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде

133 рет
көрсетілді

Жеке кәсіпкер Данияр Қалымбетов бірнеше аудандағы блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілікте тұрған мамандарды үш мезгіл ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіп отыр.

Қиын кезде жұртқа жәрдем беруді азаматтық парызы санаған кәсіпкер «Біз біргеміз» акциясы аясында Түркістан облысының Жетісай, Шардара, Төлеби аудандарында өз мамандарымен бірге ақысыз қызмет көрсетуде.

«Төле би мен Жетісай аудандарындағы блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілікте тұрған мамандарды тегін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырмыз. Жетісайда 30-ға жуық блок-бекет мамандары, Төле би ауданында аралығы 25 шақырым болатын 5 блок-бекетте 60-қа шақты маман бар. Қажетті шығындарды, азық-түліктерді, көліктер мен жанармайды, жұмысшылардың жеке сақтану керек-жарағын, антисептиктерді өз тарапымыздан алдық. Екі сағаттық қашықтықтағы блок-бекеттерге тамақ арнайы термобокстармен ыстықтай күйінде жеткізілуде. Бұдан бөлек, Шардарада медицина қызметкерлерін жергілікті демеушілер алып келген азық-түлік есебінен асхана блогын ұйымдастырып, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтудамыз. Осындай елге ауыртпашылық түскен кезде ел азаматтары аянбай жәрдем беруі керек деп ойлаймын»,  дейді кәсіпкер.

 

Түркістан облысы