• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Елбасы 08 Сәуір, 2020

Н. Назарбаев: Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі

705 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған мақаласында ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

«Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді деп сенемін» делінген Елбасы мақаласында.

Елбасы қиын жағдайда көмекке мұқтаж жандарды қолдауға шақырды.

«Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға – қажыр, денемізге – қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.