Елімізде бастау алған «Birgemiz» жобасы аясында азық-түлік себетін алған Гүлзада Мұқасалиева медициналық маска тігуде.
Оның айтуынша, Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалының волонтерлері «Birgemiz» жобасы аясында азық-түлік себеті мен медициналық маскаларды, сонымен бірге антисептикалық құралдарды жеткізіп берген.
«Бұл – біз үшін үлкен көмек. Өйткені мен мүмкіндігі шектеулі үш баланы тәрбиелеп отырмын. Ал жұбайым денсаулығына байланысты ұдайы дәрі-дәрмек қабылдайды. Тұрақты жұмысы жоқ. Мемлекет тарапынан бұған дейін де әлеуметтік жағдайымыздың төмендігіне байланысты әлеуметтік қолдау жасалып келді. Әсіресе Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиалы үнемі жәрдемдесіп тұрады» дейді Атырау қаласының тұрғыны Гүлзада Мұқасалиева.
Бұған дейін тапсырыс алып, түрлі тағам пісірген екен. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері медициналық маска тігіп, 100 данасын әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға тегін таратып келген. Қазір маскаларды қолжетімді бағамен сатуда. Оған тұрғындардан да, жергілікті әкімшіліктен де сұраныс бар.
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
АТЫРАУ