Қазіргі таңда Түркістан облысының жеке және заңды тұлғаларына электронды форматта 22 мемлекеттік қызмет толық қолжетімді. Қолданушы qyzmet.iturkistan.kz геоақпараттық порталы арқылы қалаған қызмет түрін алады.
Атап айтқанда, жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы бойынша қызметтерді электронды жүйеде пайдаланады. Бұл қызметтер әзірге Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында онлайн көрсетіледі. Алдағы уақытта барлық аудандар осы жүйемен қамтылатын болады. Геоақпараттық порталдың қолданылуы және функциялары жайлы тиісті мамандарға оқыту жұмыстары жүргізілген. Яғни сапалы қызмет көрсету мүмкіндігі жоғары.
Түркістан облысы