Бүгінде шалғайдағы ауыл тұрғындары да қуанышқа кенелуде. Қайсыбір елді мекенге барсаңыз да өсіп, өркен жайып келе жатқанының куәсі боласыз. Әсіресе, жылдар бойы ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген ауыз су мәселесі соңғы жылдары оң шешімін табуда. Өткен жылы шалғай ауылдағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 48 нысанның құрылысы аяқталды. Егер саралап айтар болсақ, Арал ауданында – 2, Қазалы ауданында – 5, Қармақшы ауданында – 5, Жалағаш ауданында – 4, Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласында 10 құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз су тұтынуда. Сонымен қатар жеке су жүйелерін субсидиялау мақсатында 118 ауыз су нысандарын төлқұжаттандыру және мемлекеттік тіркеуден өткізуге облыстық бюджеттен 188,4 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылған.
Қызылорда қаласына сапалы ауыз су жеткізу мақсатында “Қызылжарма” жерасты су көзін игеруде жоспарлы жұмыстар жүргізілді. “Су жүйесі” мемлекеттік кәсіпорны мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арасында барлау және өндіру жөнінде келісім-шарт жасалып, жұмыс жобалары әзірленген. Сондай-ақ қаланың “Мерей” шағын ауданына 2-ші көтермелі насос стансасы орнатылды. Тасбөгет қыстағында бас су қоймасының құрылысы жүргізіліп, 18,5 шақырым ауыз су жүйесі іске қосылды. Қала маңайындағы Махамбетов, Қарауылтөбе, Талсуат, Ақжарма, Абай ауылдарында 11,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жөндеуден өткізілді.
Сапалы ауыз су адам денсаулығына ерекше әсер ететінін ескерер болсақ, осы бір игілікті іс ағымдағы жылы да жалғасын таба бермек.
Еркін ӘБІЛ, Қызылорда.
Орталық мемлекеттік органдардың интернет-сайттары
Қазақстан Республикасының Үкіметі www.government.kz
Ішкі істер министрлігі www.mvd.kz
Қорғаныс министрлігі www.mod.kz
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі www.nature.kz
Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz
Сыртқы істер министрлігі www.mfa.kz
Денсаулық сақтау министрлігі www.darі.kz
Көлік және коммуникация министрлігі www.mtk.gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі www.enbek.kz
Қаржы министрлігі www.mf.mіnfіn.kz
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі www.mіnplan.kz
Әділет министрлігі www.mіnjust.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі www.emer.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі www.sana.gov.kz
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі www.memr.gov.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі www.mіnagrі.kz
Индустрия және сауда министрлігі www.mіt.kz
Туризм және спорт министрлігі www.mts.gov.kz
Жер ресурстарын басқару агенттігі www.auzr.kz
Байланыс және ақпараттандыру агенттігі ww.alc.gov.kz
Статистика агенттігі www.stat.kz
Көші-қон және демография агенттігі www.demomіgratіon.kz