«АЯЛА» қайырымдылық қоры алматылық 40 ардагерге ай сайын азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасып, карантин күндерін жеңілдетуге ұмтылып отыр. Аталмыш қор қарт адамдарға арналған осынау көмекті Samsung компаниясының демеушілігімен іске асып жатыр.
Осы аптада ардагерлерге көмек дәрі-дәрмек түрінде берілді. Өткен аптада қор ең қажетті деген 20 азық-түлік атауы мен тазалық құралдарынан тұратын қоржындарды жеткізіп беруді ұйымдастырды. Курьерлер ардагер тұратын үй мен пәтердің босағасына дейін қарым-қатынассыз жеткізуді жүзеге асырды.
«Samsung Қазақстанда қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі мол, белсенді мүшесі болып табылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген үлкен ықыласымыз бен құрметіміз мол, оларға тиімді көмек көрсетуге тырысамыз. Біз ардагерлермен белсенді жұмыс істеген соңғы 5 жылда олардың қатарының күрт азайып бара жатқанын байқадық. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, сондықтан біздің де көмегіміз тиіп, әр ардагер өмірін жақсартқымыз келеді», – Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының жұртшылықпен байланыс және корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі менеджері деді Берік Омаров.
«АЯЛА» қоры ардагерлерге 2010 жылдан бері көмектесіп келеді. Сол кезде техника, мүгедектер арбасы және қаржылай қолдау түріндегі көмекті 20 адам алған еді. 2015 жылы оған қордың бастамасымен Samsung компаниясы да қосылды. Соның нәтижесінде жобамыз тағы да 67 ардагерді қамтыды. Samsung қызметкерлерімен бірге қор сатып алған азық-түлік жиынтықтарын қораптарға салып, оны жүк тиеушілері бар газельдерде бәріміз бірге жүріп тарататын едік. Ардагерлерге әр жыл сайын Ұлы Жеңістің қарсаңында осындай көмек көрсетілді.
Осы дәстүр 2019 жылға дейін жалғасты. Сол жылы жобаның нәтижелері туралы есепті тыңдаған соң, Samsung президенті ардагерлерге көмекті жиірек көрсету керек деген шешімге келді.
«2019 жылдың күзінде біз осы жыл сайынғы жобаны ай сайынғыға өзгерттік. Енді біз Алматыдағы ардагерлермен бұрынғыдан да белсендірек араласып, оларға қажетті көмекті көбірек көрсетеміз», – деді Берік Омаров.
Бұл шешім 40 ардегердің әрқайсысын ай сайын 30 мың теңге мөлшерінде көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы орайда олар не сатып алу керектігін өздері анықтайды және мұны жоба үйлестірушілеріне хабарлайды. Біреуге тек азық-түлік қажет, басқасына – тұрмыстық техника: шаңсорғыш, қысқа толқынды пеш, үтік және т.б. керек. Клиннинг қызметіне де сұраныс болып тұрады. Тек дәрі-дәрмекті керек ететін ардагерлер бар, ал кейбір ардагерлерге азық-түлік те, дәрі-дәрмек те қажет. Барлық сұраныстар арнайы базаға енгізіледі және осы жалпы ақпараттың негізінде бүкіл қажеттілер сатып алынады және мекенжайларына жеткізіп беріледі. Үйлестірушілер көмектің уақтылы жететініне көз жеткізу үшін айына бір рет ардагерлерге барып тұрады. Барған соң, әлбетте, әңгіме-дүкен құрады.
Бұл жоба қамқорлық жасайтын жасы ең үлкен ардагер 9 мамырда 102 жасқа келеді. Бұл Әдіш Әбдірайымов. Ол 1918 жылы өмірге келген. 1938 жылы Харьков фармацевтикалық институтына оқуға түсіп, 1941 жылы Оңтүстік-Шығыс майдандағы 173-ші атқыштар дивизиясына жіберілді. Бергедорфта тұқында және Нойенгаммдегі концлагерьде болып, Әдіш Әбдірайымов үйіне 1947 жылы оралды. 1952 жылы ол Ташкенттегі Орта Азиялық мемлекеттік университетті «биолог» мамандығы бойынша бітірді. Сынақ станциясында зертхана меңгерушісі болып еңбек етті және қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында мақтаның жаңа сортын шығарды.
Өкінішке қарай, жобаны іске асырудың соңғы жылының ішінде ғана бес адрагеріміз өмірден озды. Қор мұқтаж адамдарды үнемі іздейді, сондықтан бенефициарлардың жалпы саны жыл сайын 40 адамнан кеміген емес.
Сонымен қатар «АЯЛА» қоры Samsung компаниясынан көмек алатын ардагерлердің 60%-ға жуығының тұрмысы төмен екенін атап өтеді. Олардың үйлері ескі және жөнделмеген, ал үйлеріне тазалық пен күтім қажеттігі сезіліп тұрады. Азаматтардың бұл санаты өз зейнетақысына және зейнет жасына жетіп қалған балаларының табысына өмір сүреді.
«Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында бейбіт өміріміз үшін шайқасқан азаматтарымызға лайықты күтімді қамтамасыз ету үшін алматылық 30 ардагердің үйіне жөндеу жүргізуге көмек және қолдау көрсете алатын қайырымды қазақстандықтар табылады деп үміттенеміз. Біз барлық ардагерлерге өзін-өзі оқшаулау кезеңінен аман-есен өтуін, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз», – деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова
АЛМАТЫ