Жер жүзін жайлаған жайсыз індеттің таралу жағдайында халық оқшауланып, сақтық үшін карантин талаптарын сақтауға мәжбүр. Дегенмен бұл қолайсыздықтың өзін қалауын тауып, рухани тұрғыдан ой-өрісіңізді кеңейту үшін пайдалануға болады екен.
Осы ретте, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мәдениеттер мен діндердің ғасырлар бойғы бай мұрасы мен тарихын көрсету мақсатында «Әлемдік және дәстүрлі діндердің киелі әрі қасиетті жерлерінің виртуалды турларын» жинақтап, оқырман назарына ұсынады.
ЗD форматындағы виртуальды саяхат арқылы төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріндегі түрлі тарихи ескерткіштермен, оның ішінде ислам дінінің киелі мекені – Меккедегі Қағбамен, Иерусалимдегі – Акшардхам храмымен, Бодхая буддалық қасиетті орталықпен, Синтоистік Ицукусимамен танысуға мүмкіндік бар.
Қазақстанда әйгілі «Әзірет Сұлтан» мұражай кешенінің де кереметтерін дәл осылайша виртуалды көрінісін тамашалауға болады, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Бегім Сұлтан, Есім Хан, Гаухар Ана мазарлары мен Қылует жер асты мешітінің көрінісі ұсынылған.
Сондықтан еліміздің қай аймағында болсын, барлық қызығушылық танытушы оқырмандар өздерінің рухани қажеттіліктерін ғылым мен техниканың жаңалықтарына сүйене отырып қанағаттандыра алады.
Ұсынылған виртуалды турлармен Орталықтың ресми әлеуметтік желілерінен танысуға болады:
https://www.facebook.com/NNCIICD/, https://twitter.com/nncdiicdoffice, https://www.instagram.com/nncdiicdofficial/?hl=ru.