• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Сәуір, 2020

Алдын алу шаралары күшейтілді

246 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қабылданған шараларды өз деңгейінде жүзеге асыру басты міндет болып тұр. Осы орайда Қарулы Күштер тарапынан да нақты жұмыстар атқарылуда.

Қорғаныс министрлігінде ке­зек­ті аппарат кеңесі өтіп, онда әс­керлердегі коронавирустың алдын алу шараларын күшейту мәсе­­лелері, сондай-ақ алдағы әске­­ри міндеттілердің арна­йы жиыны талқыланды. Қару­лы Күштерде әскери қыз­мет­ші­лер­­дің денсаулық қауіп­сіз­ді­гін қам­тамасыз етуге, жеке құ­рам мен отбасы мүше­ле­рі­нің арасын­да вирусты жұқтыру жағ­дай­ла­рын болдырмауға бағыт­тал­ған ауқым­ды жұмыстар жал­ға­сты­ры­луда.

Барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде пандемияға қарсы қорғануды күшейту мақсатында өткізу режімі медициналық сүз­гі­мен жабдықталған тек бір ғана бақылау-өткізу бекеті арқылы жүзеге асырылады. Бір рет қол­да­нылатын медициналық мас­ка­ларды ауыстыру тәртібін сақ­тай отырып кию міндеттелді. Бар­лық әскери қызметшілер міндетті түрде күніне екі рет меди­циналық тексеруден өтеді.

Жеке құрамдағы әскери қыз­мет­­шілердің арасын 2 метр қа­шық­тықтықты сақтай отырып сапты алшақ тұрып өткізу тапсырылды.

Кеңес барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев барлық алдын алу шараларын нақты сақтау қажеттігіне назар аударды.

Әскери міндеттілермен арнайы жиын өткізуге баса назар аударылады. Қорғаныс ве­дом­ствосының басшысы бар­лық қатысушыларды қа­жет­ті заттармен және маусым бо­йынша белгіленген әскери киім нысаны жиынтығымен уақ­ты­лы қамтамасыз етуді тапсырды. Барлық іс-шараларды са­ни­тар­лық-гигиеналық нормаларды қа­таң сақтай отырып өткізу қа­жет.

Мемлекет басшысының 2 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, облыстар мен Республикалық ма­ңызы бар қалалардың әкімдіктері аумақтық әскер­лер­дің әскери мін­­дет­тілерін жиындарға ша­қы­­ру құқығына ие болды. Жиын­­­­ның мерзімі мен шақы­ры­­латындардың санын әкім­ші­лік өздері анықтайды. Қа­зақ­стан Республикасы Қа­ру­лы Күштері Жоғарғы Бас қол­бас­шысының бұл шешімі әр­түр­лі міндеттерді шешу үшін барлық қолжетімді ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін жер­гілікті атқарушы органдарды қолдаудың тиімді шарасы болды. Мұндай қадам жұрт­шы­лықтың басым бөлігінің ма­құлдауымен, елдің игілігі үшін ортақ іске өз еркімен үлес қос­қысы келетін жастардың өті­ніштерімен қолдау табуда.