• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2013

Демеушілік жалғасуда

330 рет
көрсетілді

ENRC-де (Еуразия табиғи ресурстар корпорациясында) «Мектепке жол» акциясы жақсы дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы корпорация кәсіпорындарындағы қызметкерлердің балалары мен тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың бірнеше мыңдаған балалары материалдық көмек алды. Жалпы, осы мақсатқа 32,5 млн. теңгеден астам қаражат бағытталған.

ENRC-де (Еуразия табиғи ресурстар корпорациясында) «Мектепке жол» акциясы жақсы дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы корпорация кәсіпорындарындағы қызметкерлердің балалары мен тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың бірнеше мыңдаған балалары материалдық көмек алды. Жалпы, осы мақсатқа 32,5 млн. теңгеден астам қаражат бағытталған.

«Казхром» ТҰК» АҚ жаңа оқу жылына дайындық үшін тұрмыстық жағдайы төмен балаларға және кемтар балаларға 11 млн. теңге бөлді. Осы орайда Казхромның филиалы – Дөң КБК-нің «Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өмірі мен карьерасын жоспарлау» акциясын атап өткен абзал. Кәсіпорын Алға балалар үйінің 15 тәрбиеленушісін өз қанатының астына алып, олардың өмірін құруға көмектесетін болады.

Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) ағымдағы жылы үш және одан да көп балалары бар отбасылардың және асыраушысынан айрылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 10 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Өткен жылдардың қорытындысы бойынша осындай материалдық көмекті бір мыңнан астам бала алды.

Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ) бірінші сыныпқа баратын 75 бүлдіршінге мектепке қажетті заттарды алуға арналған сыйлықтық сертификаттар табыс етті. Сонымен қатар, көп балалы зауыт қызметкерлерінің 45 баласына материалдық көмек көрсетілді. Жалпы, ағымдағы жылы қайырымдылық шарасы аясында жарты миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл қаражатқа балалардың ата-аналары Павлодар қаласында кеңсе тауарларын сататын үздік дүкендердің бірінде қажетті кеңсе тауарларын сатып алды. Бұған қоса зауыт қызметкерлерін Качир балалар үйінің тәрбиеленушілерін де мейраммен құттықтады. Акцияны ұйымдастырушылар мектеп табалдырығын аттаған алты балаға қажетті жабдықтарды табыстады.

«Қазақстан алюминийі» АҚ басшылығы Білім күніне орайластырып, миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Әлеуметтік жәрдемге көп балалы отбасылар мен асыраушысынан айырылған отбасылардағы 116 мектепке баратын бала ие болды. Алдағы жоспарда одан да көп қайырымдылық шаралар бар. Зауыт қызметкерлері Үшқұлын ауылының оқушылары мен зауыт қызметкерлерінің осы жылы мектеп табалдырығын аттайтын балаларына арнап Бірінші сынып оқушысы күнін өткізеді.

«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ жұмысшылары үшін де балаларға көмек көрсету   дәстүрлі іс-шара. Компания тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы отбасылардағы балаларға, жетім балаларға көмек көрсетеді. Бұған қоса, кәсіпорын қызметкерлері мұқтаж балаларға арнап қаражат жинайды. Ағымдағы жылы корпорация осы мақсатқа 4,5 млн. теңге бағыттады. Олардың 1,5 млн. теңгесі Ақсу қаласындағы көп балалы және тұрмыстық жағдайлары төмен отбасылардағы балалардың мектепке қажетті кеңсе заттарын алуға бағытталады. Бұл қаражатқа мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдары алынады. Осыншама қаражат Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйіне де бағытталмақ.

Жәйрем КБК акция аясында 4,1 млн. теңге бағыт­­тады. Оған көп балалы жұмысшылардың 419 баласы мектепке қажетті заттар сатып алды. «Шұбаркөл көмір» АҚ 1,6 теңге жұмсап, 184 балаға көмек көрсетті.

Еуразия табиғи ресурстар корпорациясы әрқашан жас ұрпақтың болашағы туралы ойлайды. Біз жас қазақстандықтардың білімді және бақытты болғандарын қалаймыз, деп атап өтті ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис.

2012 жылы ENRC Қазақстандағы әлеуметтік жобаларға 16 млрд. теңге бағыттады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар