• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Қызылорда: COVID-19 вирусын жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау

147 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны туған балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», — деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді.