• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 11 Сәуір, 2020

1 миллионнан астам қазақстандық несие төлеуді кейінге қалдыруға өтініш берді

333 рет
көрсетілді

1 миллионнан астам қазақстандық несие төлеу бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлеу мерзімін кейінге қалдыруды сұрап, банктерге өтініш берген. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова мәлім етті.

– 9 сәуірдегі жағдай бойынша 1 млн 137 мыңға жуық адамның өтініші қанағаттандырылды. Жеке тұлғалар бойынша 983 мың 123 өтінішті кейінге қалдыру бойынша шешім қабылданды. Несиені төлеу мерзімін кейінге шегеру бойынша өтініштер әлі де қабылдануда. Банк өтінішті 10 күн ішінде қарайды. Егер әлеуметтік жағынан аз қамтылған адам өтініш берсе, ол бойынша тез арада шешім қабылданады. Мұндай жағдайда 10 күн күтудің қажеті жоқ. Банктер бұл процесті онлайн режимде де жүргізіп жатыр, – деді ол.