Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының біржақты түрде 2020 жылы 9 сәуірден бастап екі апта мерзімге Йемен Республикасында оқ атуды тоқтату бастамасына қолдау білдірді.
«Біз бұл шешімнің йемен халқына COVID-19 коронавирустың таралу салдарына қарсы тұруға көмектесетініне, сондай-ақ оқ атуды түбегейлі тоқтату үшін қажетті жағдай жасауда және Йемендегі жанжалды жан-жақты қамтылған саяси жолмен реттеу бойынша келіссөздерді жандандыру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт артамыз», делінген министрілк жазған хабарламада.