Ауру жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелді (11.04.2020 жылғы мәлімет бойынша). Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Зертханалық сынамалар 10 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қазалыдағы 1 жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың барлығыбекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді 11.04.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 116 адам анықталды.