Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірде өткен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың елдегі төтенше жағдай режимін ұзарту туралы тапсырмасына сәйкес Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулер кезеңін 2020 жылғы 17 сәуірге дейін ұзарту туралы хабарлайды.
Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық Банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін жүргізетін болады.
Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.