2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы ) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді. Бұл туралы СІМ хабарлады.
Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар. Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.