Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан, 9 жағдайы Жылыой ауданынан тіркелді (11.04.2020 жылғы сағат 10:15мәлімет бойынша). Бұл жайында Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 59 адам анықталды.