• RUB:
    4.9
  • USD:
    441.79
  • EUR:
    478.77
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2020

Атырау: Автобустардың жүру уақыты белгіленді

978 рет
көрсетілді

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгіннен бастап жолаушы тасымалдайтын автобустардың жүру уақыты өзгерді. Мұндай өзгеріс карантин енгізілгеннен бері жолаушылар ағынының азаюына  байланысты қабылданып отыр.  

- 11 сәуірден бастап алдағы сенбі, жексенбі күндері автобустар сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүреді. Ал, дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері маршруттық автобустардың қозғалу интервалі 7:00-9:00; 12:00-14:00; 17:00-19:00 сағат аралығында белгіленді, -деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

 Жұмасат ҒАЗИЗ