• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2020

Атырауда екі адам қауіпті індеттен айықты

598 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасынан 2 адам жазылып шықты.  

– Олар – Атырау облысында Covid-19 инфекциясын алғаш жұқтырғандар. Бүгін, 12 сәуірде инфекциялық стационардан қауіпті індеттен айыққан 2 адам шықты. Біреуі –14 жасар қыз, екіншісі –19 жастағы жігіт. Екеуі де 27 наурызда инфекциялық стационарға жатқызылған болатын» – деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Осы кезге дейін Атырау облысында коронавирусты жұқтырған 59 адам тіркелген.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ

Соңғы жаңалықтар