• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2020

Өзбекстанда коронавирустан төртінші науқас көз жұмды

114 рет
көрсетілді

Өзбекстанда Сауд Арабиясынан оралған 59 жастағы әйел коронавирустан қайтыс болды.

25 наурызда әйелден коронавирус анықталып, инфекциялық ауруханаға жатқызылған. 31 наурызда жасанды аппаратпен тыныс ала бастаған. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, әйелде созылмалы аурулар болғандықтан жағдайы ауыр болған. 11 сәуірде кешке көз жұмған.

12 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Өзбекстанда 767 адамнан коронавирус табылған. 42 адам айыққан, төрт адам қайтыс болған.