• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2010

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

941 рет
көрсетілді

Қаңтар айының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әдеттегідей өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жол­дауын жариялады. 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арнал­ған Мемлекет басшысының “Жаңа он­жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын подполковник Қайрат Ақтанов пәрмен ететін ІІМ Ішкі әскерлерінің 6637 әскери бөлім басшылығы мен жеке құрамы да қызу талқыға салды. Елбасының Жолдауын бүкіл қазақ­стан­дықтармен бірге, Ішкі әскерлердің 6637 әскери бөлімінің басшылығы баста­ған басқарма офицерлері мен жеке құрамы телеарнадан тікелей эфир арқылы тыңдады. Басы қайырылған қыруар іс сараланып, атқарылар жұмыстар тілге тиек болған Елбасының Жолдауынан бөлім қызметкерлері жаңа онжылдықта еліміздің қарыштап дамуына себепші болар жаңа мүмкіндіктермен танысты. Алдағы онжылдықта атқарылар жұ­мыстың ауқымы кең. Сондықтан да “Көп түкірсе көл болар” демекші, Елбасы әрбір қазақстандықты Қазақстанның дамып, гүлденуі жолында, бірлігіміз бен ын­ты­мақ­тастығымызды нығайтуда бірге қи­мыл­дауға шақырды. Ал әскерилер әркез еліміздің заңды сайланған Президентіне көмекке келуге дайын. Ең бастысы – экономиканы жаһан­дан­дыруға дайындау және оның сыртқы қауіптерде де тұрақтылығын арттыру мақсатында Елбасы құқықтық ортаны қалыптастыруды одан әрі жалғастыру уақыт оздырмай шешуді талап ететін үш міндеттің бірі екенін ерекше атап өтті. Осы орайда, құқықтық тәртіп әскері болып саналатын Ішкі әскерлердің сар­дарлары мен сарбаздары Елбасы Жол­дауында айшықталған ұлттық қауіпсіздікті нығайтып, құқық қорғау жүйесін рефор­малау бағытындағы жұмыстарды бір ауыздан қолдап, өздерінің сүбелі үлестерін қосуға сақадай сай екенін білдірді. Елбасы Жолдауы қызу талқыға түсіп, жеке құрам арасында оның негізгі бағыт­тарын түсіндіру-насихаттау жұмыстары қызу жүріп жатыр. 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері Қазақ елінің “Стратегия – 2020” жоспары көшбасшылыққа апарар қазақстандық сара жол болып табыла­ты­нын сезінеді және жаңа онжылдықта Мем­лекет басшысы белгілеген жаңа мүм­кін­діктер мен орасан зор міндеттерді ұйыс­тырушы ұлттық стратегиясыз орын­дау мүмкін емес екенін де жақсы түсінеді. Отанға риясыз қызмет етуге нық бел буған 6637 әскери бөлімінің сардарлары мен сарбаздары, кезінде әскери ант қабылдай отырып, ақтық демі қалғанша егеменді Қазақ еліне, оның халқына адал қызмет етіп, ел Президенті белгілеген міндеттерді мүлтіксіз орындауға міндет алған болатын. Бұл жолы да біздің әскери қызметшілеріміз Елбасы бастаған бастаманы қостап, елмен етене бірге екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 6637 әскери бөлімінің командирі под­пол­ковник Қайрат Ақтанов бөлімнің жеке құрамы қашанда еліміздің Президентінің саясатын қолдайтынын және Н.Ә.Назар­баев­тың атап өткеніндей 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында айқындалған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, тәуел­сіздігі бекем, экономикасы өркендеген, саяси тұрақтылығы орныққан Қазақ­стан­ды құру туралы миссиямызды табысты орындауда” намысты қолдан бермейтін қағидаттарды басшылыққа алатынын атап өтті. Әркез жеке құраммен кездесу барысында бөлім командирі Елбасы бізге сеніп тапсырған басты мақсат-міндеттерді орындауда “Дәстүрге адал намыскер, ел қорғаны – Ішкі әскер” деген Ішкі әскерлердің ұранын басшылыққа алуды қадап тапсырды. Данагүл АЛҒОЖИНА, 6637 әскери бөлімінің баспасөз қызметкері. Солтүстік Қазақстан облысы.