• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Бұл – нағыз азаматтық жауапкершілік танытатын кез

152 рет
көрсетілді

Елімізде дерттің алғашқы дерегі білінгеннен-ақ жергілікті билік дер кезінде шектеу шараларын қолға алып, облыс орталығы мен аудандар, кейбір елді мекендер карантинге жабылды.

 

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқа­лықова аймақ халқына үндеу жариялады. Облыс басшысы проблеманың шын мәнінде алапат екенін әлі де болса түсіне алмай отырғанымызды атап өткен.

Аймақ бойынша вируспен күреске медицина саласының 3 мың­ға жуық қызметкері жұ­мыл­­ды­рылған. Тосқауыл бекет­терін­де 200 полицей мен 170 әске­ри қыз­мет­кер үздіксіз кезекшілік етіп тұр.

 Бірақ, өмірін қатерге тігіп, елді қауіпті індеттен арашалап қалудың қамымен жүрген осы азаматтардың еңбегін ескеріп жатқандар аз сияқты. Мысалы, қазір көшеде жүрген адам да, көлік те көп. Бұл талаптың толық орындалып жатпағанын көрсетеді. Қала мен елді мекендердегі тос­қауыл бекеттерін де айналып өтуге тырысушылар аз емес екені байқалады. Оған мысал, 11 сәуір күні болған жағдай. Осы күні рейдке шыққан «Охот­зоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңір­лік филиалының инспекторлары қалаға таяу Досан ауылы­ның маңында күдікті көрінген екі көліктің соңына түседі. Инс­пекторлардан қашып, аударылған көлік ішінен мүйізі кесілген 54 киік, 224 дана мүйіз, 25 оғы бар МР-153 маркалы аңшы мылтығы, дүрбі мен пышақ табылды. Екінші көлікке ауысып мінген браконьерлер құтылып кетті.  Күні-түні адам өмірінің сақшысы болып жүрген дәрігердің, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтайтын полицейдің, облыс орталығы мен ауыл-ауылды аралап, жұқпалы кесел ошағын залалсыздандырып жүрген әскерилердің еңбегін бағаласақ, мұндай қадамға бармас едік-ау.

Гүлшара Наушақызы үндеуде жұрттың өз бетінше оқшауланып, үйден шықпай, жақындарымен жүздесуден уақытша бас тартуы коронавируспен күреске қосқан үлкен үлес екенін атап өтті. Аймақ басшысының әлеуметтік желідегі парақшасына көптеген маңызды әрі мазмұнды ұсыныстар түсіп, бұлар бойынша тиісті орындарға тапсырмалар беріліпті.

Тұрғындарға арнаған үндеу­інде облыс әкімі халықпен кері байланыстың маңыздылығына назар аударып, әрбір пікір еске­русіз қалмайтынын жеткізді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА