• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Сәуір, 2020

Індет кезіндегі қауіпсіздік бойынша елдердің рейтингі жарияланды

187 рет
көрсетілді

Deep Knowledge Group (DKG) консорциумы Covid-19 пандемиясы кезіндегі әлем елдерінің ахуалы бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесінде Израиль қауіпсіз елдердің көшін бастады.

DKG зерттеу жұмысы кезінде карантиннің әсері, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, мониторинг және анықтау, сондай-ақ шұғыл ем-дом жасауға дайындық сияқты параметрлерді негізге алды. Соның ішінде мамандар шектеу тыйымдарын енгізуге, денсаулық сақтау жүйесі ресурстарының санына, диагностика әдістеріне назар аударды.

Covid-19 індеті өршіп тұрған шақта қауіпсіздік бойынша рейтинг түзіліп, 40 мемлекеттің тізімі жарияланды. Мұның алғашқы үштігінен Израиль, Германия және Оңтүстік Корея елдері көрінді. Сондай-ақ ондыққа Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Тайван, Сингапур, Жапония және Гонконг мемлекеттері кірді.

Сонымен қатар зерттеу тобы пандемия жағдайында қауіп-қатердің тәуекелінде тұрған 20 елдің рейтингін ұсынды. Рейтингтің алғашқы бестігіне Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Франция кірді.

Бұдан бөлек індеттен емдеудің тиімділігі бойынша он елдің аты аталды. Алғашқы үштіктен Германия, Қытай дәне Оңтүстік Корея мемлекеттері көрінді.

Бұл рейтингтерге Қазақстан енбеді. Бірақ сарапшылар алдағы уақытта деректер үнемі жаңартылып отыратынын, соған сәйкес рейтингте мемлекеттердің орындары өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді.