Медицина саласында қызмет еткеніме үш жылға жуықтады. Қазір жұмысымыз қарбалас. Жеке қорғаныс киімдерімен толық қамтамасыз етті. Мен 2-топтағы қауіптілігі жоғары медицина қызметкерлерінің қатарындамын. Сыйақыны толық алдым. Коронавирус індетімен күресуге жұмылдырылған әріптестерім де үстемеақыларына қол жеткізді. Әрине мұны ешкім күткен жоқ, бірақ мемлекет тарапынан қолдау болатынына сендім.
Коронавируспен күресуге үлесін қосып жатқан фельдшерлер мен жүргізушілердің еңбегін бағалап, осындай жауапты сәтте қолдау көрсеткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шексіз алғысымды айтамын. Бұл жұмыс істеуге деген ынта-жігерімді арттырды. Біз одан әрі осы індетпен күресуге бар күшімізді салуға және үлесімізді қосуға дайынбыз.
Жандос ЗАҒЫПАР,
Солтүстік Қазақстан облыстық жедел медициналық жәрдем фельдшері