15.04.2020 жылғы мәлімет бойынша Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.
Ауру жұқтырған адамдардың екеуі Сырдария ауданының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті.Ал үшінші науқас Жаңақорған ауданының тұрғыны. Қазіргі таңда эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.Барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. 15.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 124 дерегі тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны-2, ем қабылдап жатқандар саны-122.