• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Қызылорда: Серуендеймін деп сотқа тартылды

Бүгін Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасының көмегімен карантин режимін бұзғандардың ісі қаралды.

Төтенше жағдай кезінде көлік құралдарының жүруіне шектеу қойылғанын елемей, кешкі сағат 21.00-ден кейін негізсіз автокөлік басқарып жүрген үш құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 9-тармақшасымен кінәлі деп танылып, екеуі 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, бір тұрғынға 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ кешкі сағат 21.00-ден таңғы 6.00-ге дейін жүруге шектеу тәртібін бұзған екі тұрғын 5 және 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Алтай теміржол бекеті жанындағы көлге серуенге шыққан екі адам сот қаулысымен  27 780 теңгеден айыппұл арқалады.

Соңғы жаңалықтар