«Тақтар ойыны» сериалында Тормундтың рөлімен танылған Кристофер Хивью мен әйелі COVID-19 вирусынан айықты. Актер өзіне қолдау көрсеткен барлық жақындары мен фанаттарына Instagram арқылы алғыс айтты.
– Біз инфекциядан толық айықтық. Бірнеше апта қабылдаған ем жақсы нәтиже берді, қазір өзімізді жайлы сезінеміз. Қолдау көрсеткендеріңіз баршаңызға зор алғыс. Короновирустың салдарынан жақындарынан айырылған жандарға көңіл айтамыз, – деді актер.
Кристофер Хивью «Тақтар ойынынан» бөлек «Форсаж» франшизасында маңызды рөлдердің бірін сомдағанын айта кету керек. Ол «Ведьмак» сериалының екінші маусымына түсіп жатқанда өзін жайсыз сезініп, кейін вирус жұқтырғаны анықталған болатын.