Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының бас бухгалтері 1,7 млрд теңгені жымқыру күдігіне ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлімдеді.
- «Астана» Халықаралық әуежайы» АҚ бас бухгалтеріне қатысты жасалған екі қылмыс бойынша тергеу аяқталды. Біріншісі - қаржы-шаруашылық қызметке тексеріс жүргізбеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 млн теңге сомасында пара беру фактісі бойынша. Екіншісі - жұмысты нақты орындамастан, 30-дан астам компанияның есепшоттарына аудару арқылы әуежайдың 1,7 млрд теңге сомасындағы қаражатын жымқыру фактісіне қатысты, - деді Қуаныш Жапақов.
Оның айтуынша, аталған іс бойынша іс-әрекеті ұқыпсыздық ретінде танылған «Астана» Халықаралық әуежайы» АҚ бұрынғы Басқарма төрағасына қатысты іс сотқа берілді.