• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Атырау: Екі айда 161 млрд теңге төлем карточкаларымен төленген

163 рет
көрсетілді

Ұлттық Банк Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы Айнагүл Аққұлованың мәлім етуінше, тұрғындар төлем карточкаларымен  есептесуге бет бұра бастады. Мәселен,  биылғы 1 наурызға дейін айналымдағы төлем карточкаларының саны 1 560,7 мың бірлікті құраған.

– Ал, карточка ұстаушылардың саны – 1396,7 мың адам. Облыста 717 төлем терминалдары, 582 банкомат, 5198 POS-терминал жұмыс істейді. Өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда, биылғы екі айда облыста төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер  7,7 есеге,  ал, оның сомасы 6,4 есеге өсіп отыр. Мәселен, биыл қаңтар-ақпанда 161,0 миллиард теңге сомасына 11 972,7 мың транзакция жасалған, - дейді Айнагүл Аққұлова.

 

Жолдасбек Көшербайұлы