• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Атырау: Базарларда дезинфекциялық дәліз ашылды

250 рет
көрсетілді

Атырау қаласындағы «Дина», «Көктем», «Сарайшық» базарларына келген тұрғындар алдымен қызуын тепловизормен өлшетіп,  дезинфекциялық дәліз арқылы өтеді. 

– Бұл – дәліз Түркиядағы дезинфекциялау орнының баламасы. Дәліздер жергілікті кәсіпкерлердің жобасымен жасақталды. Оның жанында дезинфекциялық ерітінді сақталатын ыдыс бар. Ерітінді Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитарлық мамандарының ұсынымы негізінде әзірленді. Адамдар үшін еш қаупі жоқ. Сұйықтықтың құрамында 30 пайыздық спирт ерітіндісі бар. Бұл туралы мәтін осы орындардың барлығында ілулі тұр, - деді Атырау қалалық әкімдігінің ресми өкілі Әлібек Науаров.

Мамандардың пікірінше, дезинфекциялық дәліз адамдардың киімінің  қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді.

 

Жолдасбек Көшербайұлы