Қоғамның кертартпа кеселі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға азаматттық қоғам өкілдері белсенді атсалысып жатыр.
Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап көшбасшы жастардың, танымал блогерлер мен тұлғалардың қатысуымен 123 бейне-үндеу жарияланды. Сонымен қатар шамамен 78 мың адамды қамтыған 200-ге жуық тікелей эфир ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа теріс ықпалын кеңінен түсіндірген іс-шаралардың қатарында республикалық айтысты атап өтуге болады. Бұған еліміздің өңірлерінен 16 ақын қатысты.
Сондай-ақ «Саналы ұрпақ» жобасы «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп еліміздің жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін 10 мыңнан аса студентке онлайн сауалнама жүргізді.
Аталған жоба аясында 10 сәуірде оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта эссе және өлеңдер жазу, сурет салу, бейнероликтер бойынша онлайн-байқау басталды.