Атырау облысында полицейлер төтенше жағдай енгізілгеннен бері 375 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген. Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен 332 іске шешім шыққан. Ал, 43 іс қаралу үстінде.
– Санитарлық-эпидемиологиялық шараны бұзғаны үшін 68 адамға ескерту берілді. Сондай-ақ 115 тұрғынға айыппұл салынып, 149 адам қамауға алынды. Төтенше жағдай талабын бұзу дерегінің 50-ден астамы автокөлік иелерімен жасалды. Олар кешкі сағат 21:00-ден кейін көшеге себепсіз шыққан. Ал, бетперде тағу талабын бұзған 40 дерек тіркелді, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жолдасбек Көшербайұлы