Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада 2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті кездесуін өткізеді.
Бұл жолы еліміздің бас командасы Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Швеция ұлттық құрамасын қабылдайды. Бұған дейін біздің құраманың Скандинавия түбегінің бір бөлігін алып жатқан елмен әлі кездеспегенін білеміз. Жалпы, Қазақстан құрамасы Скандинавия елдерінің ешқайсысымен әлі ойнап көрген жоқ. Тек жақында ғана аталған түбекке жақын орналасқан Дания корольдігінің автономиясы саналатын Фарер аралдарымен ғана үшінші матчын өткізді. Сондықтан Қазақстан мен Швеция арасындағы бүгінгі кездесу екі елдің алғашқы матчы болады.
Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада 2014 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті кездесуін өткізеді.
Бұл жолы еліміздің бас командасы Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Швеция ұлттық құрамасын қабылдайды. Бұған дейін біздің құраманың Скандинавия түбегінің бір бөлігін алып жатқан елмен әлі кездеспегенін білеміз. Жалпы, Қазақстан құрамасы Скандинавия елдерінің ешқайсысымен әлі ойнап көрген жоқ. Тек жақында ғана аталған түбекке жақын орналасқан Дания корольдігінің автономиясы саналатын Фарер аралдарымен ғана үшінші матчын өткізді. Сондықтан Қазақстан мен Швеция арасындағы бүгінгі кездесу екі елдің алғашқы матчы болады.
Жалпы, Швеция командасы туралы көп нәрсе айтуға болады. Бұл елдің құрамасы халықаралық аренада өзіндік қолтаңбасы бар, әлем және Еуропа чемпионаттарында бұрыннан бері жақсы өнер көрсетіп келе жатқан команда ретінде белгілі. Шведтер 1950-1990 жылдары әлем және Еуропа чемпионаттарында өзіндік ойын өрнегін қалыптастырып үлгерген. Ол тіпті, екі рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Алғаш рет 1950 жылы Бразилияда өткен әлемдік бәсекеде, екіншісін 1994 жылы АҚШ-та өткен сында алды. Содан бері шведтер халықаралық аренада лайықты өнер көрсетіп келеді. Қазіргі кезде де Скандинавия елі ешкімге жығыла салатындай емес. Ол 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде біздің «С» тобында Германиядан кейінгі екінші орында тұр. Топтағы соңғы кездесуін олар 6 қыркүйек күні Ирландияға қарсы өткізіп, 2:1 есебімен ұтты. Қалай десек те, бүгінгі кездесу қызықты және тартысты өтетіні анық. Бұған қоса, қазақстандық жанкүйерлерді Швеция құрамасының қазіргі күнгі «жұлдызы», тегі босниялық мұсылман оғланы Златан Ибрагимовичтің өнері қатты қызықтыратыны да сөзсіз.
Осы кездесу алдында Қазақстан мен Швеция құрамалары командалар құрамын жариялады. Біздің бас командаға қақпашылар Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Антон Цирин («Жетісу»), қорғаушылар Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Андрей Порываев («Шахтер»), Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров (екеуі де – «Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман, Александр Кислицын (екеуі де – «Қайрат»), Константин Энгель («Энерги» Котбус, Германия), жартылай қорғаушылар Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Андрей Карпович («Ордабасы»), Анатолий Богданов («Тобыл»), шабуылшылар Таңат Нөсербаев («Астана»), Андрей Финонченко, Сергей Хижниченко (екеуі де – «Шахтер»), Сергей Остапенко («Астана»), Алексей Щеткин («Атырау»), Игорь Юрин («Ертіс») шақырылды.
Швеция мына құраммен ойынға шығады: қақпашылар – Андреас Исакссон («Касымпаша», Түркия), Кристоффер Нордфельдт («Херенвен», Голландия), Юхан Виланд («Копенгаген», Дания); Қорғаушылар – Микаэль Антонссон («Болонья», Италия), Пьер Бенгтссон («Копенгаген», Дания), Расмус Бенгтссон («Твенте», Голландия), Андреас Гранквист («Дженоа», Италия), Адам Юханссон («Сиэтл Саундерс», США), Микаэль Лустиг («Селтик», Шотландия), Пер Нильссон («Нюрнберг», Германия), Юнас Ульссон («Вест Бромвич», Англия), Мартин Ульссон («Блэкберн Роверс», Англия); жартылай қорғаушылар – Джимми Дурмаз («Генчлербирлиги», Түркия), Альбин Экдаль («Кальяри», Италия), Александр Качаникли («Фулхэм», Англия), Себастиан Ларссон («Сандерленд», Англия), Андерс Свенссон («Эльфсборг», Швеция), Понтус Вернблум (ЦСКА, Ресей), Эркан Зенгин («Генчлербирлиги», Түркия); шабуылшылар – Юхан Эльмандер («Галатасарай», Түркия), Тобиас Хюсен («Гетеборг», Швеция), Златан Ибрагимович («Пари Сен-Жермен», Франция), Ола Тойвонен (ПСВ, Голландия).
Бас жаттықтырушы – Эрик Хамрен (Швеция).
Матч Астана уақытымен кешкі сағат 22.00-де басталады. Кездесу «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Біздің газеттің сайты (www. egemen.kz) матчтан репортаж беретін болады. Оны ойын біткен соң бір-бір жарым сағаттан кейін оқи аласыздар.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».