• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Сәуір, 2020

Заң талаптары сақталуы тиіс

196 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы М.Бақтиярұлы, сондай-ақ осы комитеттің мүшелері С.Бектұрғанов, Б.Жұмағұлов, Н.Жүсіп, Н.Төреғалиев, А.Қапбарова Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы А.Маминге және Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың атына хат жолдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Хаттың мазмұны Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуір­дегі Денсаулық сақтау министр­лі­гінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жылдам тұрғызылатын инфекциялық үш аурухана салу туралы шешіміне байланысты болып отыр. Нақты айтқанда, Алматы қаласында «BI Group» компаниясы кіріскен жаңа аурухана ғимаратының құрылысына қатысты. Біріншіден, құрылысы тез аяқталатын бұл ауруханалардың жобалау-сметалық құжаттары мен келісімшарттары әлі жасалмаған. Екін­шіден, аталған аурухана Алма­тыдағы тарихи мәні зор «Сақ қор­ғандары» аумағында салынатыны қоғамдық жұртшылықты да, Се­нат депутаттарын да қатты алаң­дататыны айтылған.

Оның үстіне «Сақ қорғандары» – Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы №4/840 қаулысы бойынша тарихи ескерт­кіштер тізіміне енгізілген. Сондай-ақ әлеуметтік желіде аурухананың  ежелгі темір дәуірінің ғажайып мұ­расы саналатын аумақта салы­натыны туралы дабыл қаққан материалдар жарияланды.

Киелі жерде орын тепкен аурухана құрылысына байланыс­ты тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев өз ойын білдірді. «Ауруханаға жер телімін бөлу­дің алдында жер қатынас­тары басқармасы ол тұста архео­ло­гия­лық нысандардың бар-жоғын анық­тап, тиісті ақпарат беруі керек болатын. Содан кейін барып ғима­рат құрылысын Мәдениет басқар­масы­мен келісіп барып бастау қажет еді», деді ол.

Осыған орай, Сенат депутаттары Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы мен Алматы қаласының әкімінен Алматы қаласындағы же­дел тұрғызылатын аурухана құры­лысының заң талаптарына сәйкес жүргізілуі керектігін сұрайды.

Сенаторлар сонымен қатар Археология институтының қоры­тын­дысын алуды, қажет болған жағ­дайда «BI Group» компа­ния­­сының тарихи ескерткіштер ор­на­­ласқан аумақта құрылыс са­л­уын тоқтатуды, бұл үшін басқа жер те­лімін, не басқа да жолдарын із­деу кер­ектігін айтып отыр.