«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров мүлік салығынан кімдер босатылатынын айтты.
«Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығынан 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін босатылды. Олар ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары, туризм, қоғамдық тамақтану, қонақ үй қызметтері», деді Ербол Үстеміров.