• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Сәуір, 2020

Діни жиындарды шектеуге қарсы болған губернатор қызметінен кетті

197 рет
көрсетілді

Суданның Премьер-министрі Абдалла Хамдок Covid-19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында діни жиналыстарға уақытша тыйым салғанға келіспеген ел астанасы Хартум қаласының губернаторын жұмыстан босатты.

ВВС-дің ақпараты бойынша, генерал Ахмед Абдун Хаммад Мохаммед сенбі күні күшіне енуі тиіс болған мешіт пен шіркеудегі құлшылыққа тыйым салу туралы шешімді орындаудан бас тартқан.

Бұған дейін бейсенбіде полиция қызметкерлері бұрынғы президент Омар әл-Баширдің жақтастарын қарсы жасаурататын газ қолданған. Олар өтпелі үкіметтің қатаң шараларына қарсы наразылық білдірді.