• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Қандас студенттермен онлайн-жиын өтті

641 рет
көрсетілді

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде шетелден келіп білім алып жатқан қандас студенттермен онлайн-жиын өткізді.

Іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ президенті кеңесшісі Дидар Болат, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Foundation» факультетінің деканы Алмагүл Авдолханқызы, «Отандастар қоры» КеАҚ Білім бағыты бойынша жауапты қызметкерлері Нұрымжан Жұмағазиев пен Алжан Шарифов қатысты.

Жиын барысында Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова аталған оқу орнының дайындық бөлімі, бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын студенттерін 2020 жылғы тестілеуге қатысты бекітілген өзгертулер мен жаңартулардан хабардар етті.

Ал «Отандастар қоры» КеАҚ президент кеңесшісі Дидар Болат студенттердің төтенше жағдайдағы ұсыныстарымен танысып, Петропавл қаласындағы фронт-офистің жұмысын бағалады. Бұл фронт-офис қандас студенттерге жан-жақты қолдау жасауда.

Сондай-ақ «Отандастар қоры» төтенше жағдай кезінде өткізілетін онлайн іс-шараларына студенттерді белсенді қатысуға шақырды. Бұған қоса қор қызметкерлері Волонтер жылында еріктілерге берілетін мүмкіндіктерге тоқталып, пікірсайыс клубы туралы толыққанды ақпарат берді.