АҚШ-тың «New York Post» газетінде 25 жылға жуық қызмет еткен атақты фототілшісі Энтони Каузи кеше коронавирустан қайтыс болды.
Саналы ғұмырының барлығын спорт журналистикасына арнаған 48 жастағы америкалық азамат талай керемет фотолар түсіріп, көптеген ірі байқауларда жүлде алды. 2008 жылдың күзінде Энтонидің атағы алысқа жайылды. Сол кезде АҚШ-та ресейлік Хабиб Нұрмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегордың UFC турнирінде төбелескендерін жақсы білесіздер. Бәсеке қызған тұста дағыстандық өрен қарсыласына «қылқындыру» әдісін жасаймын деп, иегін үгітіп жібере жаздаған еді. Жаны көзіне көрінген Конордың жеңілгенін мойындаудан басқа амалы қалмады. Міне, дәл сол сәтті «ұстаған» Каузи еді.
Осыдан үш апта бұрын Энтонидің коронавирус дертіне шалдыққаны анықталып, ол ауруханада жеткізілді. Дәрігерлер ем-дом жасағанымен, фотографты ажал тырнағынан аман алып қала алмады.