• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Алматы: Шетелден індет әкелген 10 адам сауығып, тағы 43 адам қосылды

306 рет
көрсетілді

Бүгін күн,​ 18 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырған жандардың саны 504-ке жетті.

Сенбі күні Алматыда жаңадан 43 адамның індет жұқтырғаны анықталып отыр. Індеті жаңадан анықталған 26 пациенттің ішінен пневмония және ЖРВИ белгілерімен жергілікті байланыста болғандар, 13 адам карантинде болғандар және медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 медицина қызметкері бар.

Кеше Алматыда Cоvid-19-дан 13 пациент сауығып, үйлеріне шықты.

Олардың ішінде 2007 жылы туған бір бала бар.

«Емделіп шықан он адам, бұлар – шетелден келгендер: 6-уы Ыстамбұлдан, екеуі Дубайдан, біреуі Минскіден және біреуі Италиядан ұшып келген, біреуі Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұмыскері, біреуі жергілікті вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам және 2007 жылы туылған қыз», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Олардың барлығы 14 күндік үй карантиніне емделіп шығарылды.

 

Қазіргі уақытта қала бойынша емделіп шыққандардың саны жалпы 80 адам болды.

 

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке алғанда, Covid-19-дан 422 пациент емделіп жатыр.

 

2 науқастың жағдайы – өте ауыр, 5-уінде – ауыр, 106 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда.

 

Провизорлық госпитальдарда​ 298 адам, оның ішінде​ 18-і​ бала, карантиндік оқшаулауда​ –​ 418, үй карантинінде​ –​ 7992 адам бар.