• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Сәуір, 2020

Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үй кешенінің қасбетінде сурет салынып жатыр

526 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Елорданың шығармашылық қауымдастығы суретті (муралды) медициналық қызметкерлерге арнап жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосыламыз. Мурал салудағы басты мақсат - дәрігерлерге алғыс білдіру! Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы  үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз»,- деді Кристина Бекмурзаева.

Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті.