Бүгін даңқты футболшы, абзал азамат Ривалдоның туған күні. Бразилияның мақтанышы 48 жасқа толды.
Ривалдо 1972 жылдың 19 сәуірінде Пернамбуку штатының Паулиста қаласында туып-өсті. 1991-1996 жылдар аралығында ол өз Отанында өнер көрсетсе, содан кейінгі жеті жылын Испанияда өткізді. Алғашында «Депортивода», одан кейін «Барселонада» ойнады. Әсіресе, каталониялық клубтың сапында жасындай жарқыраған бразилиялық легионер 1999 жылы әлемнің ең үздік футболшысы атанды. Испания Премьер-лигасында Ривалдо барлығы 198 ойын өткізіп, 107 рет нысананы дәл көздеді.
Бразилияның сұрмергені кейіннен көптеген мемлекттерде өнер көрсетті. Тіптен, Өзбекстанның «Бунедкорында» да ойнаған кезі есімізде. 2008-2010 жылдар аралығында ташкенттік команданың құрамында 61 рет жасыл алаңға шығып, 37 мәрте мергендік танытты.
Ривалдо Бразилияның жастар, олимпиадалық және ұлттық құрамасы сапында да айшықты өнерімен көзге түсті. 1996 жылы Атланта Олимпиадасында күміс алса, 1997 жылы Конфедерация кубогын олжалады. 1999 жылы Америка кубогын төбеге көтерді. 1998 жылғы әлем чемпионатында күміс медальі мойнына ілсе, 2002 жылы бас жүлдені олжалады.