• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Сәуір, 2020

Герайнт Томас қайырымдылық акциясын бастады

209 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның атақты велошабандозы Герайнт Томас коронавируске қарсы күреске өз үлесін қосу мақсатында қайырымдылық акциясын бастады.

Уэльстің астанасы – Кардифф қаласында туған 33 жастағы айтулы спортшының Олимпия ойындарының екі дүркін және әлемнің үш дүркін чемпионы деген атақтары бар. Сонымен қатар, Томас 2018 жылы «Тур де Франс» көпкүндігінде бас жүлдені олжалады. Осы табыстарының арқасында ол Британия империясының орденімен марапатталып, 2018 жылы Ұлыбританияның және 2014 пен 2018 жылдары Уэльстің ең үздік спортшысы деген мәртебелі атаққа ие болды.

Осы саңлақ спортшы күн сайын үйіндегі велотренажерда12 сағаттық жаттығулар жасап, ғаламтор арқылы соны күллі әлемге таратты. Герайнт Томастың өнеріне тамсанған көрермендер оның есепшотына ақша аударып отырды. Қазірдің өзінде жиналған қаражат 300 мың фунтты құрап отыр. Сол қаржыны әйгілі велошабандоз Ұлыбританиядағы Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне табыстады.