• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2020

Атырау: Әкім азық-түлік бағасын бақылауға алды

227 рет
көрсетілді

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, бұдан былай тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік бағасының өскеніне куә болса, әкімдіктің жауапты мамандарына жазбаша шағым қалдыра алады.

–Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі азық-түлік бағасының негізсіз өспеуін қадағалайды. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар  9 түрлі азық-түлік өніміне шекті баға белгіленді. Сондай азық-түліктердің қатарына 1 сортты бидай ұны, бөлке нан, өлшенген макарон, қарақұмық жармасы, күріш, сиырдың төс еті, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы мен ас тұзы кіреді. Қазіргідей жағдайда кәсіпкерлердің  аталған азық-түліктердің  бағасын көтеруге құқығы жоқ. Егер олар бағаны шекті деңгейден асырса, жауапты мамандар тексеріс жүргізіп, тиісті шара қабылдайтын болады, - деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ