• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2020

Aviata орындалмаған рейстер билетінің құнын қайтару кестесін жариялады

146 рет
көрсетілді

Аviata.kz ресурсы әр авиакомпанияның төлемдер кестесі бойынша өзекті ақпаратты табуға болатын парақшаны іске қосты. Бұл туралы atameken.kz хабарлады.

Портал ақпараты бойынша сәуірдің өзінде Қазақстанда әуе және теміржолмен 4,3 мың рейс жасалған. Бір ай ішінде компанияға билет ақшасын қайтару бойынша 130 мың өтініш, 120 мың телефон қоңырауы, 100 мың хат келіп түскен.

Қайтару керек қаражаттың жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайды. Бүгінде жолаушылардың 15%-ы билетінің ақшасын қайтарып үлгерді.

Қалған жағдайда барлығы тасымалдаушыға байланысты болып отыр. Бұл туралы порталдың кестесінен кеңірек мәлімет алуға болады.

Ал іске аспаған теміржол билеттері құнының 80%-ы клиенттерге қайтарылды.