• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Сәуір, 2020

Отандық ғалымдар коронавирусты анықтайтын тест жүйесін әзірлеуді жалғастыруда

185 рет
көрсетілді

Ендігі кезекте Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығы мамыр айында 6 мыңға жуық дана тест шығаруды жоспарлаған. Бұл жүйе полимеразды-тізбекті реакция (ПТР) арқылы адамның бойында қауіпті індеттің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

COVID-19 анықтауға арналған қазақстандық тест жүйесі тексерістен өтіп, отандық ғалымдар әзірлеген құрылғы барлық стандарттарға сәйкес екендігі дәлелденді.

Бүгінде орталықпен әзірленген тест жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда.