• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2020

3,7 миллионға жуық адамға берілді

93 рет
көрсетілді

3 млн 692 мың адамға төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланыс­ты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды.

20 сәуірдегі жағдай бойынша 42 500 теңгелік төлемге 7 млн 990 мың адам өтініш берді.

Бірегей өтініштердің ең көп саны:

– Алматы облысы – 1 млн;

– Түркістан облысы – 990,7 мың;

– Алматы қаласы – 892,8 мың;

– Нұр-Сұлтан қаласы – 590,8 мың;

– Шымкент қаласы – 532,2 мың.

Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайын­далған:

– Алматы облысы – 534,1 мың;

– Түркістан облысы – 436,6 мың;

– Алматы қаласы – 364 мың.

Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз.

МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді egov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot мекенжайы бо­йынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырыл­ған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:

– жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ком­мерциялық емес заңды тұлғалардың жалақы­сы сақталмайтын демалыстағы қыз­мет­­керлеріне;

– жеке практикамен айналысатын адам­дарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын аза­маттық-құқықтық сипаттағы шарттар бо­йын­ша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға тағайындалады.

1-ші және 2-тармақшалар ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес.